25.08.2023 | 17:05

Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының финалына шықты

Бүгін Будапештегі әлем чемпионатында биіктікке секіру жарыстары басталды. Қазақстанның атынан үш спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметі.

Әйелдер арасында іріктеу кезеңінде 35 атлет өнер көрсетті. Қазақстанның намыcын Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева қорғап, финалға Дубовицкая шықты. 2022 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері 1.89 метрге секіріп, медаль үшін таласатын 15 үміткердің арасына іріктелді. Финал 27 тамыз күні өтеді. Қалған екі отандасымыз іріктеуден аса алмады. 2023 жылғы Азия чемпионы Кристина Овчинникованың нәтижесі - 1.85 метр, ал Елизавета Матвееванікі - 1.80 метр.

Ертең 26 тамыз күні өтетін марафонда Жанна Мамажанова жүгіреді.

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 8 миллион 498 мың АҚШ долларын құрайды. Сыйақылар тек жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ғана емес, сонымен қатар үздік сегіздікке енген спортшыларға да беріледі (80, 40, 20, 16, 12, 8, 6 және 4 мың). Әлем рекордын орнатқан спортшылар 100 мың доллармен бөлек марапатталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес