02.08.2024 | 14:46

НАДЕЖДА ДУБОВИЦКАЯ МЕН ЕЛИЗАВЕТА МАТВЕЕВА ІРІКТЕУДЕ СҮРІНДІ

Биіктікке секіруден команда көшбасшысы Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева Париж Олимпиадасының іріктеуінде сүрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Надежда екінші мүмкіндігінде 1.83 метрді бағындырды. Өкінішке қарай, 1.88 метр Надеждаға алынбады. Елизавета Матвеева 1.88 метрмен шектелді. Ол барлық мүмкіндігінде 1.92 метрді еңсере алған жоқ.

Финалға кемі 1.97 метрді бағындырғандар немесе жақсы нәтиже көрсеткен 12 спортшы шығады.

Суреттер: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес