09.04.2025 | 13:11

НАРИМАН КУРБАНОВ БАСТАҒАН ГИМНАСТАР ХОРВАТИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНА ҚАТЫСАДЫ

Хорватияның Осиек қаласы 10-13 сәуір аралығында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңін қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапында кімдер аттанды?

 Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдрысов (тұтқалы ат снаряды);

Милад Карими (керме, еркін жаттығу);

Асан Салимов (тіреніп секіру);

Айта кетейік, 10-11 сәуір іріктеу, қалған 2 күн финал өтеді. 

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес