03.03.2023 | 23:16

Нариман Құрбанов – Дохадағы кезеңнің жеңімпазы

Нариман Құрбанов Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының 2-кезеңінде ат снарядында өнер көрсетуде жеңімпаз атанды. Отандасымыз өзінің The Kurbanov деп аталатын элементін сәтті орындап, 15.400 ұпай жинады.

Екінші орынға былтырғы әлем чемпионы ирландиялық Рис Мак Кленаган тұрақтаса (15.033 ұпай), тайпейлік гимнаст түйіндеді. Осы бағдарламада финалда шыққан тағы бір қазақстандық Ілияс Азизов 14.100 ұпаймен 6-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, Нариман осыдан бір апта бұрын Германияның Котбус қаласында өткен Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде ат снарядындағы жаттығуда қола жүлде жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес