25.02.2023 | 23:06

Нариман Құрбанов Германиядағы Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Бүгін отандасымыз Нариман Құрбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде 14,800 ұпай жинап, ат снарядындағы жаттығуда қола жүлдегер атанды. Бұл сайыста өзбекстандық Абдулла Азимов топ жарса (14, 866), күміс армениялық Гагик Хачикянға (14,833) бұйырды.

Еске салайық, бәсеке 26 ақпанда аяқталады. Қазақстан құрамасы сапында Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов бақ сынап жатыр.

Биылғы Әлем Кубогының қалған 3 кезеңі Доха, Баку, Каир қаласында өтеді. Осыдан соң әлем чемпионатына жолдама алған гимнастар анықталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес