21.06.2026 | 09:55
Бөлісу:
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Бокстан 3 дүркін әлем чемпионы, 54 кг салмаққа көтерілген Назым Қызайбай әлем кубогының финалында Сирине Чараабимен (Италия, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) өзара үздікті анықтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз 3 раундта да басым болып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен әлем кубогында 48 келіде топ жарған.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
1/2 финал. Натнича Чонгпронгкланг - 3:2
1/4 финал. Виктория Рогалинска (Польша) - 5:0
1/8 финал. Им Э Джи (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) - 4:1.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ - ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ВИКТОРИЯ ГРАФЕЕВА БОКСТАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР ТӘШКЕНБАЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ӨТТІ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ