07.08.2024 | 01:24
Бөлісу:
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы қытайлық У Юдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Төрешілер есебі: 1-4.
Енді алтын медаль жолындағы шешуші жекпе-жекте қытайлық Бусе Наз Чакыроглу (Түркия) немесе Айра Виллегаспен (Филиппин) жұдырықтасады. Финал 9 тамыздан 10-ына қараған түнгі сағат 1:47-де басталады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) ұтқан. Есеп 4:1. Ал жарыстың 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен (5-0) тізе бүктірген. Ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді жеңді. Есеп: 4-1.
Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, бір рет үздік үштікті түйіндеген.
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: БЕЙБАРЫС ЖЕКСЕН ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН СЕНІМДІ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ