13.01.2024 | 14:59

Никита Чирюкин Азия чемпионы атанды

Никита Чирюкин Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама мергені жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде ешкімге дес бермеді. Никита финалда 32 ұпай жинады. Одан кейін Үндістан (28) жəне  Оңтүстік Корея (23) спортшысы тұрақтады.

Сəл ертерек Чирюкин іріктеуде 584 ұпаймен 1-орын алып, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізген.

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады. Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен жалпы есепте 4-орынға көтерілді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес