05.02.2023 | 13:50

Никита Чирюкин – Джакартадағы Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы

Никита Чирюкин Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогында алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз кіші колибрлі тапаншамен 25 метрден жылдам нысана көздеуде алдына жан салған жоқ. Никита финалда 15 рет нысана көздеп, 14 мәрте нысанға дөп тиді.

Күміс медальді аустралиялық Сергей Евглевский алса, оңтүстік кореялық Сон Джон Хон үздік үштікті түйіндеді.

Қазір Қазақстан құрамасы Индонезиядағы кезеңде 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медальмен жалпы есепте 1-орынға шықты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес