
31.05.2025 | 14:56
Бөлісу:
НОРА ДЖЕРУТО – 2 ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бес мың метр қашықтыққа жүгіруде Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто қарсыластарынан қара үзіп, топ жарды. Айта кетейік, 5 000 метр қашықтықтықта бұған дейін Қазақстаннан ешкім Азия чемпионатынан орын алып көрмеген.
5 000 метр нәтижесі:
1. Нора Джеруто – 14:58.71 (Қазақстан)
2. Парул Чаудхари – 15:15.33 (Үндістан)
3. Юма Ямамото – 15:16.86 (Жапония)
Айта кетейік, Нора Джеруто кеше де 3 000 метрге жүгіруде чемпион атанған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: ҚАЗАҚСТАН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 4-ОРЫН АЛДЫ
