18.05.2024 | 11:04

Нора Джеруто Париж Олимпиадасына барады

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен USATF Los Angeles Grand Prix жарысында 3-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ол кедергілерді еңсере отырып, 3000 метрді 9 минут, 22.45 секундта жүгіріп өтіп, Олимпиада нормативін орындады.

Қазақстанға 2022 жылы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын әперген спортшы жазда Париждегі ойындарға барады.

Бұл жеңіл атлетикадан қоржынға түскен 2-лицензия. Ал жалпы квота саны 53-ке жетті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес