08.03.2024 | 17:55

Нұрбек Оралбай екінші жеңісіне қол жеткізді

Бокстан Италия мемлекетінің Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/16 кезеңде Того спортшысы Прева Падабадиді 5:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Прева Падабади ауыр соққыларға иек артқанымен, тәжірибелі қазақ былғары қолғап шебері техникалық шеберлігімен айласын асырып кетті.

Енді 1/8 айналымда Нұрбек Оралбай 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алфёровпен жұдырықтасуы мүмкін.

Суреттердің авторы – Аян Төлеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес