13.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Нұрғиса Әділетұлы – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Бүгін Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті. Ерлер арасында 96 кг дейінгі салмақта сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы қос сайыс нәтижесінде 383 кг (174+209) зілтемірді көтеріп, күміс медаль жеңіп алды.
Бұл сында бахрейндік Лесман Паредес 397 кг (185+212) чемпион болды. Жарыс қожайыны колумбиялық Джор Морене 380 кг (171+209) қолаға қол жеткізді. Осы салмақта бақ өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Әлішер Сейітқазы 351 келімен (160+191) жалпы есепте 11-сатыдан көрінді.
Осыған дейін ерлер арасында Алексей Чуркин қола медаль иегері атанған. Колумбиядағы Әлем чемпионаты 16 желтоқсанда мәресіне жетеді.
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: