04.04.2024 | 15:48

Nuvali Open: алғашқы турда ерлер құрамасы жеңіске жетті

Бүгін Филиппин елінің Нували қаласында жағажай волейболынан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Топтық кезеңде Қазақстан (1) құрамасы (Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату) Ираннан жеңіліп қалды. Есеп 1-2. Ал еліміздің екінші командасындағы Нұрдос Алдаш пен Кирил Гурин жұбы Сингапурдан (3) басым түсті (2-0).

Қазақстан-2 әйелдер құрамасы (Уколова/Пересецкая) алғашқы матчта Япониядан (1) ұтылып қалды.

Ертең Қазақстан-2 командасы Индонезиямен, алғашқы команда (Қабылбекова/Иванченко) Сингапурмен (2) ойнайды. Қазақстан (2) ерлер құрамасы Қытаймен, ал Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Таиландтың 3-құрамасымен сынға түседі.

Айта кетейік, бұл турнир 7 сәуірде аяқталады. Жеңімпаз құрама 2500, күміс жүлдегер 2000 АҚШ доллларына ие болады.

Суреттер: Азия волейбол қауымдастығынан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес