01.06.2022 | invalid

Нысана көздеу: Әлем Кубогында Қазақстан қоржынына 2-медаль түсті

Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден Әлем Кубогы өтіп жатыр. Бүгін мергендер стенд атудың трап жаттығуында жүлдеге таласты. Қола медаль үшін аралас сында қазақстандық Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко америкалық жұп Деррик Скотт Майн мен Рэйчел Лейэнн Тозиерді 6:4 есебімен жеңді. Екінші қола медаль үшін Түркия мен Кувейт спортшылары таласып жатыр.

Бұл Қазақстан құрамасының осы бәсекедегі екінші жүлдесі. Осыған дейін Ислам Усейнов 10 метрден пневматикалық мылтықпен нысан көздеуде үздік үштікті түйіндеген. Қазір Қазақстан 2 қоламен жалпы есепте 21-орында тұр. Ал көш басында 3 алтын, 1 қола жүлдесі бар Оңтүстік Корея келе жатыр. Екінші орында Сербия (2 алтын, 1 қкүміс пен 1 қола).

Әлем Кубогы 7 маусымға дейін жалғасады.Бәсекеге 65 елден 708 мерген келді. Қазақстан құрамасы 40 спортшы апарды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес