12.02.2025 | 11:41

НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ КУБОГЫНДА АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ҚОРЖЫНҒА ТҮСТІ

Бүгін Тайландтың астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні тапаншамен 10 метрден оқ атуда Сейіл Малика мен Кирилл Федькин жұбы күміс жүлдегер атанды. Олар аралас жұптық сынның финалында Солтүстік Корея құрамасына есе жіберді.

Сондай-ақ бағана осы жаттығуда тағы бір Қазақстан командасы (Валерия Попелова, Валерий Рахымжан) 5-сатыға тұрақтады.

Азия Кубогы 22 ақпанда мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес