21.07.2026 | 21:38

НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жылжымалы нысана көздеуден Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан әлем чемпионатында қоржынымызға алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ атудан командалық сайыста Александра Садуакасова, Фатима мен Зухра Ирназарова жүлдегерлер қатарына енді.

Жарыс жүлдегерлері:

1. Украина

2. Қазақстан

3. Армения

Айта кетейік, 20-26 шілде аралығында жалғасып жатқан жаһандық додада 17 елден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес