07.08.2024 | 22:14

НҰРСҰЛТАН ТҰРСЫНОВ ЖҰБАНЫШ БЕЛДЕСУІНЕ ШЫҚПАЙДЫ

Грек-рим күресінен 87 кг дейінгі палуанымыз Нұрсұлтан Тұрсынов ресми түрде Олимпиаданы аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол ширек финалда Токио Олимпиадасының чемпионы Жан Беленюктен (Украина) жеңілген. Егер қарсыласы финалға шыққанда, қола жүлде үшін күресетін мүмкіндік болған. Алайда Украина спортшысы жартылай финалда Иранның жас балуаны Алиреза Мохамедиден айласын асыра алмады.

Фото: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес