17.09.2022 | invalid

Олег Болтин қола медаль үшін болған белдесуде жеңіліп қалды

Аса ауыр салмақтағы Олег Болтин Белградтағы еркін күрестен Әлем чемпионатында қола медаль үшін болған кездесуде Олимпиада жүлдегері, 3 дүркін Әлем чемпионы, грузиялық Гено Петриашвилиге есе жіберді. Есеп 4:11.

Қазақстандық балуан белсенді қимылдап, есепте алда тұрғанымен, басымдығын кездесу соңына дейін сақтап қала алмады.

Жалпы чемпионатты 1/8 кезеңнен бастаған қазақстандық әуелі фин Йере Тапани Хейноненді 6:0 ұтқанымен, ширек финалда моңғолиялық Лхагвагерел Мунктурға есе жіберді. 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес