17.12.2025 | 16:05
Бөлісу:
ОЛЕГ МЕЛЬНИКОВ ПЕН АМИРА ИРМАТОВА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Павлодардағы «Астана» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл еліміздің 11 облысынан келген үздік спортшылар жекелей сында (ерлер, әйелдер), мұздағы биден қысқа және еркін бағдарламада бақ сынады.
Ерлер арасындағы жүлдегерлер:
1. Олег Мельников (Шымкент қаласы) 200.78 ұпай
2. Диас Жиренбаев (Астана қаласы) 195.84 ұпай
3. Никита Кривошеев (Алматы қаласы) 191.47 ұпай
Әйелдер арасындағы жүлдегерлер:
1. Амира Ирматова (Алматы қаласы) 145.15 ұпай
2. Зере Сарбалина (Астана қаласы) 133.97
3. Нурия Сулеймен (Астана қаласы) 130.44
Мұздағы би:
1. Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев
Айта кетейік, Павлодар спорттың бұл түрінен ел чемпионатын алғаш рет қабылдады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық