31.07.2024 | 16:38
Бөлісу:
ОЛЬГА ДОВГУН: «ЫЛҒАЛДЫ БОЛҒАНДЫҚТАН ЖЕЛДІҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН БАҒАМДАЙ АЛМАДЫҚ»
Нысана көздеуден Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун Ислам Сатпаев пен Константин Малиновскийдің көрсеткіші жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
«Бүгін Ислам мен Константин тынбай жұмыс істеп, соңғы ұпайға дейін таласты. Бірақ олар жел тұрғанда қателесіп жатты. Меніңше, ылғалды ауа райы болғандықтан, олар желдің жылдамдығынан хабар беретін алаңдағы тулардың желбірегенін дұрыс бағамдай алмады»,-деп айтты Ольга Довгун Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, бүгін Ислам 18-орынға, Константин 25-сатыға тұрақтап, финалға шыға алмады. Ал ертең іріктеуде Александра Ле мен Арина Алтухова бақ сынайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықПАРИЖ-2024: НИКИТА ЧИРЮКИН ҮЗДІК ОНДЫҚТА