01.09.2024 | 23:24

ОЛИМПИАДА-2026: ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ СЛОВАКИЯҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словакия астанасы Братиславада 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шешуші матчта Қазақстан мен жарыс қожайыны Словакия лицензияны сарапқа салды. Ойын 1-3 есебімен Словакияның пайдасына аяқталды.

Өкінішке қарай, біздің ойыншылар Олимпиадаға бір қадам қалғанда сүрінді.

D тобында қазақстандық хоккейшілер Мажарстан мен Аустрияны жеңген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес