26.06.2026 | 09:57

ОЛИМПИАДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЕЛДОС СМЕТОВ ҚЫТАЙДАҒЫ ГРАН-ПРИДІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Бүгін Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Санаулы сəттер бұрын Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 60 кг дейінгі салмақтың ширек финалына жолдама алды. Отандасымыз алғашқы белдесуінде жергілікті татами шеберінің жауырынын жерге тигізді. Сосын тәжірибелі әзірбайжандық Балабай Агаевты таза жықты. Сметовтің келесі қарсыласы - француз Энцо Жан. 

Айта кетейік, бұл отандасымыздың жазғы Олимпиададан кейін қатысып жатқан алғашқы халықаралық жарысы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес