15.10.2022 | 20:41

Олимпиадаға барар жол: Ирина Юнусметова әлем чемпионатында 6-орыннан көрінді

Мысыр астанасы Каирде нысана көздеуден Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Париж Олимпиадасының 10 жолдамасы сарапқа салынатын бәсекеге 88 елден 1050 спортшы жиналды. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының мергендері де бар. Бүгін 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде қазақстандық Ирина Юнусметова 199, 5 ұпай жинап, 6-орыннан көрінді.

Бұл сайыста қытайлық Кайман Лю чемпион атанса, грек Анна Коракаки күміс медальге ие болды. 

Жалпы есепте 8 алтын, 5 күміс және 3 қола жүлдемен Қытай құрамасы жекедара көш бастап тұр. Ал 2-орында 4 алтынмен Үндістан атлеттері келе жатыр. Айта кетейік, әлем чемпионаты 25 қазанда мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес