22.09.2022 | invalid

Олимпиадаға барар жол: Қазақстандықтар стенд атудан Әлем чемпионатына аттанды

Бүгін Хорватияның Осиек қаласында стенд атудан Әлем чемпионаты басталды. Қазанның 12-не дейін 75 мемлекеттен келген таңдаулы 650-ге жуық мерген Париж Олимпиадасына берілетін 16 жолдама үшін таласады. Оның 8-і скит, қалғаны трап бағдарламасында үлестіріледі. Бұл – стен атудан лицензия сарапқа салынып жатқан алғашқы жарыс.

Қазақстан құрамасы чемпионатқа 23 спортшы жіберді. Олар: Әлішер Айсалбаев, Рақым Асади, Максим Бедарев, Артем Чикулаев, Илья Пеньков, Виктор Хасянов, Максим Почивалов, Артем Седельников, Александр Ещенко, Эдуард Ещенко, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Александр Мухамедиев.

Әйелдер: Нұрай Жәнібекқызы, Айжан Досмағамбетова, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева, Сәрсенкүл Рысбекова, Мария Дмитриенко, Зоя Кравченко, Ольга Панарина, Наталья Платонова, Анастасия Прилепина.

Спортшыларымыздың қашан өнер көрсететінін мына жерден біле аласыздар.

Әуелі жасөспірімдер сынға түссе, ересектер кейін жарыс жолына шығады. Бұған дейінгі Әлем чемпионаты 2019 жылы өткен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес