12.08.2024 | 14:57

ОЛИМПИАДАНЫ КӨРУ ҮШІН ПАРИЖГЕ ҚАНША ТУРИСТ БАРДЫ?

Түнде Франция астанасында ХХХІІІ жазғы Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осыған дейін Париждегі бәсеке билет сатылымы жағынан ойындар тарихындағы рекордты жаңартқанын жазғанбыз. Биылғы кешенді жарыс кезінде 10 миллионға билет жанкүйер қолына тиген. Осыған дейінгі көп сатылым 1996 жылы Атлантада болған (8 миллион билет).

Ал Парижге ойындар атмосферасын сезіну үшін 15 миллионға жуық турист барды. Бұдан бөлек ареналарда 45 мың ерікті спортшылар мен қонақтарға қызмет көрсеткен.

Еске сала кетейік, Қазақстан делегациясы 4 жылдықтың басты бәсекесінде 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен 43-орын алды.

Фото: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес