
03.02.2025 | 17:53
Бөлісу:
ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ БАСТАҒАН КОМАНДА 0,2 ҰПАЙ ЕСЕ ЖІБЕРІП, КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионатының 2-жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атуда алтын медальдің тағдырын санаулы ұпай шешті. Алтын – Шымкент қаласының командасы (Елизавета Безрукова, София Шульженко, Анастасия Григорьева) - 1878,6 балл.
Күміс – Алматы қаласы (Арина Алтухова, Александра Ле, Алина Сәтпаева) - 1878,4 балл.
Қола – Астана қаласының командасы (Әлия Аушамова, Әмина Амантаева, Дарина Болатова) - 1821,9 ұпай.
Ерлер, 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеу:
Алтын – Шымкент қаласы (Артемий Кабаков, Руслан Юнусметов, Ролан Юнусметов)
Күміс – Алматы облысы (Никита Чирюкин, Егор Егоров, Евгений Ключников)
Қола – Алматы қаласы (Ярослав Махнёв, Давид Шаяхметов, Константин Карпов);
Ерлер, 10 метрден жылжымалы нысана көздеу:
Алтын – Алматы қаласы (Бақтияр Ибраев, Даниил Яковенко, Илья Зотеев)
Күміс – Шымкент-1 қаласы (Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков, Артём Хорольский)
Қола – Шымкент-2 командасы (Арапбек Равшанбеков, Шахзод Ирназаров, Валат Мусаев)
Әйелдер, 10 метрден жылжымалы нысана көздеу:
Алтын – Шымкент қаласы (Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова, Елизавета Алмаева)
Күміс – Алматы қаласы (Александра Садуакасова, Камила Хусаинова, Камилла Федорова)
Қола – Шымкент қаласы (Еңлік Асқар, Жанель Жолбарыс, Кәусар Омар);
Әзірге жалпы есепте ұпай саны бойынша Шымкент және Алматы қаласының командасы алда тұр. Чемпионат апта аяғында мәресіне жетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ КУБОГЫНДА АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ҚОРЖЫНҒА ТҮСТІ