09.07.2026 | 15:49
Бөлісу:
ОРДОСТА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН U23 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН 21 СПОРТШЫ ҚОРҒАЙДЫ
Бүгін, 9 шілде Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық дода 12 шілдеге дейін аралығында жалғасады.
Аталған бәсекеде ел намысын 21 спортшымыз қорғайды. Оның төртеуі ерлер арасында, 17-і әйелдер арасында бақ сынайды.
Орта қашықтыққа жүгіруде Аяна Болатбекқызы 800 және 1500 метрге, Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге, Александр Жигарь 800 метрге, Виктория Сукачёва 800 метрге жүгіруден өнер көрсетеді.
3000 метрге кедергілермен жүгіруде Қазақстан атынан Ринат Кулыгин, Бағжан Серікқан және Ақбілек Құралбай жарыс жолына шығады. 400 метрге кедергілермен жүгіруде Анастасия Цвиркунова мен Екатерина Колода қатысады.
Қысқа қашықтыққа жүгіруде Екатерина Пузырёва 100 және 200 метрге жүгіруден, ал Мария Шувалова мен Анна Шумило 400 метрге жүгіруде сынға түседі.
Фаина Мейрманова биіктікке секіруден, Максим Балабин сырықпен секіруден, Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден, ал Диляра Хайбуллина ұзындыққа және үш қарғып секіруден қатысады.
Спорттық жүрісте Ясмина Тоқанбаева мен Эльмира Калимуллина 20 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды. Көпсайыс бағдарламасында Алина Чистякова жетісайыстан өнер көрсетеді.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы 4×100 м және 4×400 м эстафеталарында жарыс жолына шығады. Эстафеталық құрамда Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Виктория Сукачёва, Екатерина Пузырёва, Дарья Гридасова, Татьяна Но және Алина Чистякова бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық