09.04.2025 | 20:55

ӨСКЕМЕНДЕ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Өскемен қаласындағы Б.Александров атындағы спорт сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Спартакиадаға елдің 7 облысы мен 3 қаласынан 72 атлет қатысады.

Доданың басты мақсаты – спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау, Олимпиада ойындары алдында Ұлттық құрамаға іріктеу жүргізіп, жаңа команда жасақтау.

«Әрине, бұл жарыстың басты мақсаттарының бірі - өңірлердегі мәнерлеп сырғанаудың даму деңгейін анықтау, бағалау, талантты спортшылардың көзге түсуіне жағдай жасау. Сондай-ақ қатысушылар арасында әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген Софья Самоделкина, Диас Жиренбаев, София Фарафонова да өнер көрсетеді. Барлығына сәттілік тілеймін!», - деді команда басшысы Айза Мамбекова Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, аталмыш Спартакиада 11 сәуірде аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес