04.10.2022 | invalid

Өзбекстанда өрт сөндіру мен құтқару спортынан Әлем чемпионаты өтіп жатыр

Бұл күндері Өзбекстанның Самарқанд қаласында өрт сөндіру мен құтқару спортына Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының спортшылары 4 медальге қол жеткізіп үлгерді. Дәлірек айтсақ, ерлер құрамасы кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтуде және 4-қабатқа сатымен көтерілуде қола жүлдеге ие болды.

Ал әйелдер командасы 4х100 метр эстафетада, 2-қабатқа сатымен көтерілу мен кедергілері бар 100 метр жолақтан өтуде үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионатына 11 елден 300-ге жуық спортшы жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық