22.01.2024 | 20:29

Палуандар Франциядағы турнирде 3 жүлде иеленді

Қазақстан еркін күрес шеберлері Ницца қаласында (Франция) өткен дәстүрлі Анри деглан Гран-приіне қатысып, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Тұғырдың екінші сатысына Әбдіманап Байгенжеев (92 кг) көтерілсе, Рифат Сайботалов (70 кг), Ерхан Бексұлтанов (79 кг) қола жүлдегер атанды.

Әлемнің 300-ден аса балуаны жиналған айтулы турнирде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес