26.01.2025 | 11:02

ПАРАЛЛЕЛЬ МОГУЛ: ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА АҚШ-ТАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Фристайлдан АҚШ-тың Уотервилль қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде отандасымыз Юлия Галышева параллель могул сайысынан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Юлия Галышева 2021 жылы Алматыдағы әлем чемпионатында фристайл-могул бәсекесінде күміс жүлдегер атанған. Бұл оның халықаралық аренадағы 4 жылдан кейінгі жүлдесі.

Бүгін Перрин Лаффон (Пхёнчхан Олимпиадасының чемпионы, 5 дүркін әлем чемпионы) топ жарды. Ал Джелин Кауф (Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Анастасия Городко 9-шы, Аяулым Әмренова 26-сатыға тұрақтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес