04.08.2024 | 18:58

ПАРИЖ-2024: КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ МЕН АРИНА АЛТУХОВА ШАҢЫРАҚ КӨТЕРЕДІ

Парижден 300 шақырымдай жердегі Шатору қаласында әлемнің таңдаулы мергендері кезекті жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ал осы уақыт біздің команда үшін өзге бір ерекше қуанышты сәтпен есте қалады. Алғаш рет Олимпиадада ел намысын қорғаған Константин Малиновский сүйгені Арина Алтуховаға сөз салды. Константин өзінің туған күнінде нағыз азаматқа тән мінез танытып, Парижде ғашығына сезімін білдірді. Әрине, Арина қатты таңғалса да, көп күттірмей өміріндегі ең маңызды «иә» деген сөзін айтты. Туған күнге бұдан артық қандай сыйлық керек десеңізші?!

Осылайша, алматылық спортшылардың 3 жарым жыл бұрын басталған қарым қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Арина мен Константин үшін Париж Олимпиадасының орны ерекше болып қалатыны сөзсіз.

КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ: «АРИНАҒА ПАРИЖДЕ СӨЗ САЛҒЫМ КЕЛДІ»

Константин Малиновский Париж Олимпиадасының лицензиясын былтыр қарашада Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіп алған. Ал сол сәттен бір күн бұрын Арина Алтухова 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде жолдамаға иелік еткен. Константин сол кезде Париж Олимпиадасына барып, Аринаға сөз салу үшін барын салғанын айтады.

«Лицензияны Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатында алдым. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып бардым. Бір күн бұрын қызым Арина лицензия алғанда іштей: «менің де қолымнан келеді. Одан қалып кетпеуім керек»,- деп ойладым»,-деді ол Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі арнайы дайындаған «Олимп жолы» бағдарламасына берген сұхбатында. 

Сұхбаттың толық нұсқасы мына жерде:

 

«Жарыстарымыз аяқталған соң қалада серуендеп жүрдік. Саябақта болғанда маған тезерлеп жүзігін ұсынып тұрған Константинді көргенде өз көзіме сене алмадым. Менің есімде мәңгі сақталатын сәт болар... Қазір бақыттымын»,-деді Арина Алтухова.

Айта кетейік, осыған дейін Париж Олимпиадасында Қытай құрамасының спортшысы ғашығына аренада жарыс біткен кезде сөз салған.

Суреттер: Константин Малиновский мен Арина Алтухованың жеке мұрағатынан.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес