27.07.2024 | 15:13

ПАРИЖ-2024: НИКИТА ЧИРЮКИН ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ

Париж Олимпиадасында пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеу аяқталды.

Ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин мұнда 15-сатыға тұрақтап, финалға шыға алмады. Никита алғашқы Олимпиадасындағы алғашқы сында 575 ұпай жинады.

Ерлер арасында барлығы 33 таңдаулы мерген сынға түсті. Енді Чирюкин аралас жұптық сында Ирина Юнусметовамен жүлдеге таласады.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес