04.08.2024 | 19:42

ПАРИЖ-2024: НИКИТА ЧИРЮКИН ҮЗДІК ОНДЫҚТА

Отандасымыз Никита Чирюкин тапаншамен 25 метрден жылдам нысана көздеуден Париж Олимпиадасын 10-орында аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол алғашқы кезеңде 293 ұпай алып, 6 сатыға табан тіреді. Бұл оның финалға шығуына мүмкіндік беретін. Алайда Никита іріктеудің 2-кезеңінде жиі қателесіп, жарыстан ерте шығып қалды.

Никита барлығы 583 ұпай жинады. Финалда өнер көрсетуіне 2 ұпай жетпей қалды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес