04.08.2024 | 13:42

ПАРИЖ-2024: НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ЖАРЫСАДЫ

Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды,  деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд. Бұл Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.

Осы қашықтықтағы тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Дэйзи Джепкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының іріктеуінде сынға түсті. Ол мәреге 9-шы болып жетті. Осылайша, Джепкемей жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Суреттер: Сали Сабиров пен Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес