27.07.2024 | 12:19

ПАРИЖ-2024: ВЛАДИСЛАВ ЯКОВЛЕВ МӘРЕГЕ 5-ШІ КЕЛДІ

Париж Олимпиадасында академиялық ескек есуден ерлер арасында іріктеу өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жекелей сында алғашқы алтылықта сынға түскен отандасымыз Владислав Яковлев 5-ші болып мәреге жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 7:21.56 секунд.

Бұл алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы ширек финалға тікелей жолдама алды. Ал Владислав ертең тағы бақ сынап көреді.

Айта кетейік, бұл Владислав Яковлев үшін 4-ші Олимпиадада. Ол осыған дейін 2012 жылы Лондонда жалпы есепте 28-ші, Риода 31-ші, Токиода 19-орыннан көрінген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес