27.07.2024 | 12:45

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ: МЕРГЕНДЕР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының қола медалі үшін таласады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы іріктеуде 630.1 ұпай жинады.

Қола және алтын медаль жолындағы жарыс 13:30-да басталады. «Хабар» арнасы. Қазақстан мен Германия үшінші орынды сарапқа салады. 

Былтыр Ислам мен Александра Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында жұптық сында қола медаль алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес