26.06.2024 | 11:26

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА 1 АЙ ҚАЛДЫ

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты 26 шілдеде «Стад де Франс» стадионында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазір Қазақстан қоржынында 84 лицензия бар. Франция астанасында барлығы 206 елден 10 500-ге жуық спортшы сынға түседі деп жоспарланған. Олар 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан осыған дейінгі Токио Олимпиадасында 8 қола жүлдеге қол жеткізген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес