
09.02.2025 | 16:48
Бөлісу:
ПАВЕЛ КОЛМАКОВ – ДИР-ВЭЛЛИДЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Бүгін фристайл-могулдан көшбасшымыздың бірі Павел Колмаков АҚШ-тың Юта штатындағы Дир-Вэлли тау курортында өтіп жатқан Әлем Кубогының кезеңінде үздік үштікке кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол параллель могул бәсекесіндегі кіші финалда Оңтүстік Корея өкілі Жун Да Юннан басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Мұнда жапониялық Икума Хоришима тағы бас жүлдеге қол жеткізді.
Осыған дейін Павел жекелей сында күміс жүлдеге ие болған.
Қалған спортшыларымыздың нәтижесі (параллель могул):
Юлия Галышева 7-орын
Анастасия Городко 19-орын
Аяулым Әмренова 21-орын
Фёдор Бугаков 19-орын
Антон Бондарев 51-орын
Фото: FIS.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

ФРИСТАЙЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫДА ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ


АНАСТАСИЯ ГОРОДКО ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 4-ОРЫН АЛДЫ