29.09.2022 | invalid

Павлодарда спорттық акробатикадан XII Азия чемпионаты аяқталды

25-28 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында спорттық акробатикадан XII Азия чемпионаты өтті. Сары құрлықтағы Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Гонконг, Иран мен Қырғыз Республикасынан келген 142 атлет шеберлік байқасты. Карантинге байланысты Жапония, Қытай мен Солтүстік Корея спортшылары сынға түсе алмады. Бұл чемпионат былтырдан бері кейінге шегеріліп келгенін айта кетейік.

Жарыс қожайыны Қазақстан ең көп спортшы қосып (72 спортшы), жалпы есепте 12 алтын, 4 күміс медальмен 1-орын алды.

Биыл Павлодар осымен 2-рет Азия чемпионатын қабылдады. Алғаш рет осыдан 9 жыл бұрын өткен. Бұдан бөлек, бәсекеге қазылық ету үшін Оңтүстік Африка, Грузия, Польша мен Әзірбайжаннан төрешілер келді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес