05.10.2023 | 19:29

Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қамшыбек Қоңқабаев ХІХ жазғы Азиаданың күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аса ауыр салмақтағы Ұлттық құрама боксшысы финалда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем, 3 дүркін Азия чемпионы Баходир Джалоловтан (Өзбекстан) жеңіліп қалды. Есеп: 0-4.

Қазақ былғары қолғап шебері Ханчжоудағы бәсекені ширек финалдан бастап, Бахрейн намысын қорғайтын Данис Латыповтан басым түскен. Сосын, Нарендерді (Үндістан) айқын басымдықпен жеңіп, өзі қатысқан алғашқы Азиаданың ақтық айқасына жолдама алған.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 2, сары құрлық біріншілігінің 4 дүркін күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола медалисі Қамшыбектің қоржынында Париж Олимпиадасының жолдамасы бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес