
08.05.2025 | 15:08
Бөлісу:
ҚАЗАҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАРЫ НАМАНҒАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТАҒЫ 2 ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
Наманғанда (Өзбекстан) өтіп жатқан велотректен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар тағы 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Командалық спринтте Данияр Шаяхметов, Рамазан Мұхтар, және Кирилл Курдиди үштігі топ жарса, дәл осы бағдарламада Андрей Чугай, Дмитрий Резанов, Виктор Голов қолаға қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан алдын отандастарымыз командалық із кесу мен ұпай жинаудан топтық бәсекеде 2 алтын жеңіп алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

