14.05.2024 | 12:06
Бөлісу:
Қазақстан 2-турда Малайзиядан басым түсті
Таиландтың Чонбури қаласында индорхоккейден әйелдер арасында Азия Кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін біздің команда топтағы 2-турда Малайзиямен шеберлік байқасып, 5-1 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрама қақпашысы Гүзал Бахаваддин матчтың үздік ойыншысы атанды.
Айта кетейік, сары құрлық кубогы келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысы саналады. Чонбуридегі бәсеке 16 мамырға дейін жалғасады. Биыл әйелдер арасында 10 елден 120-дан астам ойыншы жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚазақстан – Азия Кубогының қола жүлдегері
Қазақстан финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды
Қазақстан құрамасы Азия Кубогының жартылай финалында
Индорхоккейден команда Азия Кубогының күміс жүлдегері атанды