14.05.2024 | 22:16

Қазақстан әлем чемпионатының қола жүлдегеріне есе жіберді

Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы топтық кезең аясында Латвиямен кездесіп, тартысты ойында 0:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан – Латвия 0:2 (0:0, 0:2, 0:0)

Шайбалар: Роберт Букартс, 32 минут (0:1), Харальд Эгле, 36 минут (0:2)

Қазір 3 ойыннан кейін біздің құрама турнир кестесінде 5-орында келеді. Кезекті матч 16 мамырда Швециямен болады.

Сурет: Халықаралық хоккей федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес