31.10.2022 | invalid

Қазақстан әйелдер құрамасы спорттық гимнастикадан Әлем чемпионатында өнер көрсетті

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Апта бойы 74 елден келген 400-ден астам таңдаулы гимнаст өзара бақ сынайды. Бұл қатарда былтырғы 6 әлем чемпионы бар.

Іріктеуде қазақстандық Аида Бауыржанова 77-ші (46.765 балл), ал Көркем Ербосынқызы 107-сатыдан (41.799) көрініп, келесі кезеңге өте алмады.

Биыл Әлем чемпионатына алғаш рет Әлем Кубогы кезеңдері мен құрлық чемпионаттары арқылы іріктеу жүргізілгенін айта кеткен жөн.

Мәселен, 6 кезеңге созылған Әлем Кубогында қазақстандық гимнастар жақсы нәтиже көрсетіп, бірқатар жүлдеге қол жеткізді. Нариман Курбанов ат снарядында өнер көрсетуде Парижде өткен 4-кезеңде күміс (14.450 ұпай), Самботхейдегі 5-кезеңде алтын меадль жеңіп алған. Сонымен қатар Милад Карими Самботхейде еркін жаттығуда 2-орыннан көрінді. Ал Мерсинде өткен соңғы кезеңде Дмитрий  Патанин еркін жаттығуда жеңімпаз атанған.

Жалпы Ливерпуль – спорттық гимнастикадан Әлем чемпионатын қабылдап жатқан Ұлыбританиядағы 4-қала. Бұған дейін Бирмингем (1993), Лондон (2009) мен Глазгода (2015) жылдың үздіктері анықталған.

Айта кетейік, мұнда Париж Олимпиадасында өнер көрсететін 6 команда (ерлерден 3, әйелдерден 3) анықталмақ. Келесі жылы әлем чемпионаты Бельгияның Антверпен қаласында өтеді.

«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес