24.09.2023 | 10:41

Қазақстан Азия ойындарында Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасын алды

Қазақстандық спортшы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жекелей жарыста 5-орынды иеленді. Осылайша ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.

Шешуші кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-ші орында келе жатты. Алайда мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен орын алды. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі 1340 балл.

«Осыған дейін айтқанымдай, Азиадаға қатысудың бір мақсаты-Париж Олимпиадасына лицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгі нәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес