08.05.2026 | 05:11
Бөлісу:
QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM-НЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ 6 ОТАНДАСЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕ БЕЛДЕСЕДІ
Дзюдодан Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Күндізгі бөлімде ерлер 60, 66 келі және әйелдер 48, 52, 57 келіде белдесіп, нәтижесінде 6 жерлесіміз финалдық бөлімде күресуге мүмкіндік алды.
Финал, 60 келі. Талғат Орынбасар – Сухбат Биамбасурен (Моңғолия)
3-орын үшін белдесулер:
52 келі. Меруерт Сәрсенова – Лилиа Нугаева (Ресей)
60 келі. Мағжан Шамшадин – Шерзод Давлатов
66 келі. Ақылжан Жұбатқанов – Рамазан Абдулаев (Ресей)
66 келі. Нұрқанат Серікбаев – Анваржон Иброхимов (Өзбекстан)
Финал және қола жүлде үшін кездесулер бүгін сағат 17:00-де басталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: