28.04.2026 | 16:33
Бөлісу:
QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАТЫН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ТІЗІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
8-10 мамыр күндері елордада дзюдодан ұйымдастырылатын Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына 39 елден 300-ден астам спортшы қатысады. Дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Ерлер
-60 кг: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы
-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев
-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин
-81 кг: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов
-90 кг: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
-100 кг: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов
+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев
Әйелдер
-48 кг: Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Абдуәли
-52 кг: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева
-57 кг: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет
-63 кг: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дамеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова
-70 кг: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
-78 кг: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова
Құрамда өзгерістер болуы мүмкін.
Жарыс қорытындысында спортшыларға рейтингтік ұпайлар беріледі:
1-орын – 1000 ұпай
2-орын – 700 ұпай
3-орын – 500 ұпай
Байрақты бәсекеде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды. Көрермендер үшін кіру тегін.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: