14.02.2024 | 19:27
Бөлісу:
Қазақстан чемпионатында Алматы қаласының мергендері көш бастап келеді
Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін еліміздің үздік мергендері 3 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (ерлер):
Алтын – Алматы қаласы (30 ұпай)
Күміс – Шымкент қаласы (25 ұпай)
Қола – Павлодар облысы (20 балл)
Тапаншамен 10 метрден оқ ату (әйелдер):
Алтын – Алматы қаласы (30 балл)
Күміс – Шымкент қаласы (25 балл)
Қола – Павлодар облысы (20 балл)
10 метрден жылжымалы нысана көздеу (әйелдер):
Алтын – Шымкент қаласы
Күміс – Алматы қаласы
Қола – Жамбыл облысы
Айта кетейік, бұл бәсекеге Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысып жатыр. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де бар.
Қазір жалпы есепте Алматы қаласының командасы көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыға Шымкент қаласы жайғасса, үздік үштікті түйіндеу үшін Павлодар облысы мен Астана қаласының мергендері таласып жатыр. Ел чемпионаты 16 ақпанда мәресіне жетеді.
Суреттердің авторы - Шамкен Байырбек.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ